Мектепке жол – шексіз жақсылық. » Көшкентал орта мектебі Education Department of Kerbulak district
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Мектепке жол – шексіз жақсылық.
21
August
2024

Мектепке жол – шексіз жақсылық.

Мектепке жол – шексіз жақсылық.


«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясының мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға, жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек, қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу болып табылады.

Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын Республика көлемінде «Мектепке жол!» атты Республикалық акциясы өткізіліп келеді.

Қазіргі таңда 25 оқушы сумка, кеңсе тауарларымен қамтылды. Қайырымдылық жасаған мектеп ұжымы мен Көшкентал ауылдық округінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.

Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағыңыз келеді ме? Ендеше, жақсылыққа жетелейтін жақсы ниет танытуға керемет мүмкіндік туып тұр. Олай болса, "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымды жандардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған  «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak districtндегі науқанға атсалысып, білім алушылардың қуанышына бөленіп, алғысына ие болуға шақырамыз.

«Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» Education Department of Kerbulak districtнің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Бексултан Қанайұлы

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив