Біртұтас тәрбие бағдарламасы
«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» негізінде тәрбие – ұрпақты биік мұратқа жетелейтін сапалы білімнің тұғыры. Ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ ұлағатты болмақ. Дәл осы өскелең ұрпағымыз ұлттың сапасын құрайды. Сондықтан да қадір-қасиет, ар-намыс, адалдық, патриотизм, жауапкершілік, әдептілік, мейірімділік, сүйіспеншілік, үлкенге ізет, кішіге құрмет сияқты қасиеттерге ие шығармашыл азаматты тәрбиелеу маңызды. Міне, сондықтан биылғы жаңа 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы туралы, оның жобаларын жүзеге асыру, тәрбие жұмысын жетілдіру, сынып жетекшілердің мақсат, міндеттерін нақтылау, жүйелеу мақсатында 23 тамыз күні директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Жексенбай мектебіміздің 1-11 сынып жетекшілерімен жиналыс өткізді.
#біртұтас_тәрбие