29
January
2025
«Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы
Қаңтар айында SMART BALA жобасы аясында 1-4 сынып оқушылары арасында «Өнертапқыштыққа алғашқы қадам» байқауы ұйымдастырылды. Байқауда оқушылар, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен өнертапқыштық дағдыларын көрсетті. Байқау мақсаты – балалардың ойлау және шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнертапқыштыққа қызығушылығын арттыру және инновациялық идеяларды қолдау болып табылады.



