21
December
2024
«Жас Сарбаз»
Желтоқсан айында АӘжТД пәні мұғалімінің ұйымдастырумен 10-11 сынып оқушылары арасында «Жас Сарбаз» әскери патриоттық әндер фестивалі өтті. Мақсаты – жастарды Отанға деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, әскери тақырыптағы әндер арқылы ұлттық рухты көтеру, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және оларды ұлттың тарихи және мәдени мұраларымен таныстыру болды. Сонымен қатар, фестиваль оқушылардың топта жұмыс істей білу, өз өнерін көрсету және патриоттық сезімін арттыру үшін маңызды мүмкіндік болып табылады. 