17
April
2025
Түлектердің ағаш егуі
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «TazaLike» FEST салтанатты іс-шараларын өткізуге қатысты Жол картасының 21-тармағына сәйкес 9-11 сынып оқушыларымен «Түлектердің ағаш егуі» экочеленджі ұйымдастырылып өткізілді. Челлендж білім алушылардың еңбегі мен қоршаған ортаға деген қамқорлығын қалыптастыруға, оқушыларды экологиялық мәдениетке баулуға бағытталған. Бұл тек қоғамдық пайдалы жұмыс емес, оқушылардың өздерінің туған мектебін, туған қаласын көгалдандыруға және жақсартуға қосқан үлесі деп білеміз. Челлендж барысында мектептің бітіруші түлектері 10 жеміс ағаштарын отырғызылды.