Шаңырақ шабытындағы спорт
Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау және ата-аналар мен балалар арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Шаңырақ шабытындағы спорт" тақырыбында спорттық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға оқушылармен бірге ата-аналар да белсене қатысып, өзара жарысып, көңілді уақыт өткізді.
Спорттық жарыстарға түрлі эстафеталық ойындар, секіру, доппен жарысу, арқан тарту сияқты қызықты сайыстар енді. Балалар ата-аналарын қолдап, ерекше белсенділік танытты. Жарыс барысында достық пен татулық, ұйымшылдық байқалды.
Шара соңында жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталып, барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-кhouseсыйланды. Мұндай іс-шаралар ата-аналар мен мектеп ұжымының арасындағы байланысты күшейтіп, балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырады.