08
май
2023
МЕРЕКЕЛІК ШЕРУ
Соғыс ардагерлеріне деген құрмет олардың ерлігіндей ұлы болсын! Олардың алдында бас ию, ерліктеріне тағзым ету бүгінгі қауымның, әсіресе жас ұрпақтың қасиетті борышы. Осы мақсатта “Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушылары ауылымыздағы соғыста қаза тапқан майдангерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, құрметпен тағзым етті.