Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы » Көшкентал орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жетісу облысы
Ақсу ауданы білім бөлімінің
"Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы
23
август
2023

Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы

Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылы


«Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


2023 жылдың  31  тамыз күні,  сағат 10:00 де бос жұмыс орындарына конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, 2023 жылғы 31 тамыз күні мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

Химия пәнінің мұғалімі  -12 сағат;

Математика пәнінің мұғалімі -16 сағат;

Музыка пәнінің мұғалімі – 6 сағат;

Педагог – психолог -  1 бірлік;

Логопед-1 бірлік;

Информатика пәнінің мұғалімі - 12 сағат уақытша:

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;


- Жеке басын куәландыратын құжат;


- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған іс парағы


- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;


- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;


- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;


Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;


Наркологиялық ұйымнан анықтама;


- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);


- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлкеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Құжаттарды жолдау қажет: қағаз түрінде мына мекенжайға: Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылы, Түшкенов  көшесі 1 үй, «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ –сі. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі». 


Құжаттар қабылдау 2023 жылғы  24 тамыздан  басталып, 2023 жылдың 30 тамызында аяқталады.


Байланыс телефоны.: 5-10-60

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив