Мектепке жол – шексіз жақсылық.
Мектепке жол – шексіз жақсылық.

«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясының мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтамасыз етілген және көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан оқушыларға, жағдайы төмен отбасыларға нақты көмек, қолдау көрсету, баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу болып табылады.
Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс. Осыған орай жыл сайын Республика көлемінде «Мектепке жол!» атты Республикалық акциясы өткізіліп келеді.
Қазіргі таңда 25 оқушы сумка, кеңсе тауарларымен қамтылды. Қайырымдылық жасаған мектеп ұжымы мен Көшкентал ауылдық округінің әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз.
Бүлдіршіндерге қуаныш сыйлағыңыз келеді ме? Ендеше, жақсылыққа жетелейтін жақсы ниет танытуға керемет мүмкіндік туып тұр. Олай болса, "Мектепке жол" акциясы аясында қайырымды жандардың қолдауымен ұйымдастырылып отырған «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесіндегі науқанға атсалысып, білім алушылардың қуанышына бөленіп, алғысына ие болуға шақырамыз.
«Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жексенбай Бексултан Қанайұлы