30
апрель
2025
Жемқорлыққа жол жоқ
«Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбындағы ой бөлісу алаңы өткізілді.
Мақсаты:
Балалардың бойында әділдік, адалдық, шыншылдық сияқты адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру, жемқорлықтың не екенін түсіндіріп, оған деген теріс көзқарас тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылармен жемқорлық туралы қарапайым әрі түсінікті тілде әңгіме жүргізілді. Олар әділдік пен әділетсіздік жайында өз ойларын айтып, түрлі жағдаяттарды талқылады. Сонымен қатар, балалар сурет арқылы тақырыпты шығармашылық тұрғыда ашуға тырысты. Іс-шара өте белсенді өтті, оқушылар өз пікірлерін ашық білдіріп, тақырыпқа қызығушылық танытты.