Мұғалімдер - Көшкентал орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі https://koshkental-aksu.mektebi.kz/ ru Мұғалімдер - Көшкентал орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/114-pedagog-yzmetkerd-bos-lauazymyna-konkurs-tkzu-turaly.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/114-pedagog-yzmetkerd-bos-lauazymyna-konkurs-tkzu-turaly.html

2023 жылдың  31  тамыз күні,  сағат 10:00 де бос жұмыс орындарына конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды!

]]>
Педагог қызметкердің бос лауазымына конкурс өткізу туралы

Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылы


«Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ


2023 жылдың  31  тамыз күні,  сағат 10:00 де бос жұмыс орындарына конкурс өтетіндігі туралы хабарлайды!

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы №57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагог қызметкерлерін лауазымға тағайындау, қызметтен босату қағидаларына сәйкес, «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ, 2023 жылғы 31 тамыз күні мына қызметтер бойынша бос орындарға конкурс өткізеді:

Химия пәнінің мұғалімі  -12 сағат;

Математика пәнінің мұғалімі -16 сағат;

Музыка пәнінің мұғалімі – 6 сағат;

Педагог – психолог -  1 бірлік;

Логопед-1 бірлік;

Информатика пәнінің мұғалімі - 12 сағат уақытша:

Конкурс педагог қызметкерлердің бос орнына жұмысқа қабылданудан үміткерлердің кәсіби деңгейін, олардың лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында өткізіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды жолдайды:

- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 10-қосымшасына сәйкес конкурсқа қатысу туралы өтініш;


- Жеке басын куәландыратын құжат;


- Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған іс парағы


- Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмесі;


- Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;


- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;


Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;


Наркологиялық ұйымнан анықтама;


- Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);


- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы «Мемлкеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын бекіту туралы» №57 бұйрығының 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.


Конкурсқа қатысушы бар болған жағдайда біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттар туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.


Жоғарыда көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады.


Құжаттарды жолдау қажет: қағаз түрінде мына мекенжайға: Жетісу облысы, Ақсу ауданы, Көшкентал ауылы, Түшкенов  көшесі 1 үй, «Көшкентал орта мектебі, мектепке дейінгі шағын орталығымен» КММ –сі. Жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін (түскі үзіліс: 13.00-14.00), «Қабылдау бөлмесі». 


Құжаттар қабылдау 2023 жылғы  24 тамыздан  басталып, 2023 жылдың 30 тамызында аяқталады.


Байланыс телефоны.: 5-10-60

]]>
admin Wed, 23 Aug 2023 23:19:17 +0600
Тарих пәнінің мұғалімі Жетписбаев Таңат 6а-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/92-tarih-pnn-malm-zhetpisbaev-taat-6a-synyp-oushylarymen-ashy-saba-tkzd.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/92-tarih-pnn-malm-zhetpisbaev-taat-6a-synyp-oushylarymen-ashy-saba-tkzd.html
]]>
“Жарқын болашақ иесі-жас маман” атты жас мамандар онкүндігінің сегізінші күні тарих пәнінің мұғалімі Жетписбаев Таңат 6а-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, тартысты өткізді. Мұғалім шеберлігімен сабақтың ұйымдастыру кезеңін жағымды орната білді. Сабақ қалай жақсы басталса, солай аяқталды. Мұғалім сабақтың мақсатына жете білді.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме

]]>
admin Wed, 25 Jan 2023 16:14:22 +0600
Параллелограмның, ромбының ауданы. https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/91-parallelogramny-rombyny-audany.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/91-parallelogramny-rombyny-audany.html ]]> “Жарқын болашақ иесі-жас маман” атты жас мамандар онкүндігінің сегізінші күні математика пәнінің мұғалімі Бейсенбай Жәлел 8а-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Параллелограмның, ромбының ауданы.
Сабақтың мақсаты: оқушыларға аталған фигураларды таныстыру, олардың ауданын табуды меңгерту және алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.
Мұғалім сабағын халық банк менеджері ретінде өткізіп бағалауға банк есепшотын пайдаланса, рефлексия ретінде халық банк карточкаларына кері байланыс жазғызып, банкоматқа салдырды.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме
]]>
admin Wed, 25 Jan 2023 16:10:10 +0600
"Болашақтың әл химиктері" атты сайыс https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/90-bolashaty-l-himikter-atty-sajys.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/90-bolashaty-l-himikter-atty-sajys.html ]]> “Жарқын болашақ иесі-жас маман” тақырыбындағы жас мамандар онкүндігінің жетінші күні химия пәнінің мұғалімі Жексенбай Бексұлтан 8-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырып өткізді. Іс-шараның тақырыбы: Болашақтың әл химиктері.
Іс-шараның мақсаты: химия пәнінен алған білімдерін пысықтап, өмірде қолдануға дағдыландыру, тапқырлыққа, ұйымшылдыққа баулу.
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме

]]>
admin Tue, 24 Jan 2023 16:06:47 +0600
“Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау” тақырыбындағы ашық сабақ https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/89-materialdardy-raldar-men-zhabdytardy-tadau-zhne-dajyndau-tayrybynday-ashy-saba.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/89-materialdardy-raldar-men-zhabdytardy-tadau-zhne-dajyndau-tayrybynday-ashy-saba.html ]]> “Жарқын болашақ иесі-жас маман” тақырыбындағы жас мамандар онкүндігінің кезекті ашық сабағын технология пәнінің мұғалімі Тогысова Гүлжанат 6а-сынып оқушыларымен өткізді. Сабақтың тақырыбы: “Материалдарды, құралдар мен жабдықтарды таңдау және дайындау”.
Сабақта оқушылар матаның түрлерімен танысып, өздері таңдаған матадан ұлдар ою жасап, қыздар түрлі заттар тікті. Сабақта бүгінгі тақырыпқа сай шағын көрме жасалды.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме
]]>
admin Tue, 24 Jan 2023 16:01:18 +0600
Күш пен шыдамдылықты дамыту жаттығулары. https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/88-ksh-pen-shydamdylyty-damytu-zhattyulary.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/88-ksh-pen-shydamdylyty-damytu-zhattyulary.html ]]> “Жарқын болашақ иесі жас маман” атты жас мамандар онкүндігінің алтыншы күні дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Каденов Есен 6ә-сыныбымен ашық сабақ өткізді. Сабақтың тақырыбы: Күш пен шыдамдылықты дамыту жаттығулары. Динамикалық жаттығулар арқылы шыдамдылықты дамыту.
Оқушылар сабаққа белсенділікпен қатысып, күш-жігерлерін көрсетті, шыдамдылықтарын шыңдады. Мұғалім сабақта көздеген мақсатына жетті.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме
]]>
admin Mon, 23 Jan 2023 18:27:27 +0600
" Summarizing the chosen books" тақырыбындағы ашық сабақ https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/87--summarizing-the-chosen-books-tayrybynday-ashy-saba.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/87--summarizing-the-chosen-books-tayrybynday-ashy-saba.html ]]> “Жарқын болашақ иесі-жас маман” тақырыбындағы жас мамандар онкүндігінің алтыншы күні ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Бекболат Мөлдір 8а-сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ тақырыбы: Summarizing the chosen books”.
Сабақтың негізгі мақсаты оқушыларға Қыз Жібек жыры жайында түсінік беру, ағылшын шығармаларымен салыстыру және сөздерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару.
Ағылшын тілі- қазіргі заманда жаһандық тіл, әрі ең көп тараған тіл. Бұл тілде әлемнің көптеген елінде сөйлейді және халықаралық тіл болып саналады. Сол себепті де ағылшын тілін оқушылардың жетік меңгеруі керек. Оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығы жоғары және еркін оқуға дағдыланған.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме​​​ 
]]>
admin Mon, 23 Jan 2023 18:21:57 +0600
“Ағзалардың көбеюі және өсуі” тақырыбындағы ашық сабақ https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/86-azalardy-kbeju-zhne-su-tayrybynday-ashy-saba.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/86-azalardy-kbeju-zhne-su-tayrybynday-ashy-saba.html ]]> “Жарқын болашақ иесі-жас маман” атты жас мамандар онкүндігінің бесінші күні география пәнінің мұғалім Тлеугабылова Алма 6а-сынып оқушыларымен “Ағзалардың көбеюі және өсуі” тақырыбындағы ашық сабағын өткізді. Сабаққа оқушылар белсенділікпен қатысты. Мұғалім айтылған мақсатқа жете білді.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме​​​

]]>
admin Fri, 20 Jan 2023 18:15:30 +0600
“Қатты денелердің қысымы” тақырыбында ашық сабақ https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/85-atty-denelerd-ysymy-tayrybynda-ashy-saba.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/85-atty-denelerd-ysymy-tayrybynda-ashy-saba.html ]]> Физика пәнінің мұғалімі Берлибаев Қайсар 7-сынып оқушыларымен “Қатты денелердің қысымы” тақырыбында ашық сабағын өткізді. 
Сабақта мұғалім көздеген мақсатына жете алды және оқушылар берілген тапсырманы белсенділікпен орындады.
#АШЫҚСАБАҚ
#ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме​​​

]]>
admin Fri, 20 Jan 2023 18:03:23 +0600
Биология пәні мұғалімінің “Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары. Белгілері мен алдын алу шаралары” тақырыбындағы ашық сабақ https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/84-biologija-pn-malmn-ter-aurularyny-pajda-bolu-sebepter-men-saldary-belgler-men-aldyn-alu-sharalary-tayrybynday-ashy-saba.html https://koshkental-aksu.mektebi.kz/main/84-biologija-pn-malmn-ter-aurularyny-pajda-bolu-sebepter-men-saldary-belgler-men-aldyn-alu-sharalary-tayrybynday-ashy-saba.html
]]>
Жас мамандар онкүндігінің төртінші күні биология пәнінің мұғалімі Ысқақова Фатима 8ә-сынып оқушыларымен “Тері ауруларының пайда болу себептері мен салдары. Белгілері мен алдын алу шаралары” тақырыбында өз ашық сабағын өткізді. Сабақта мұғалім тері аурулары жайында оқушыларға мағлұмат беріп, С витаминінің пайдасы жайлы түсіндірді. Сабақ тартысты, әрі қызықты өтті және мұғалім әдіс-тәсілдерді өте тиімді қолданды.
#АШЫҚСАБАҚ
ЖАСМАМАН2023
#ЖАРҚЫНБОЛАШАҚИЕСІЖАСМАМАН 
Инстаграм әлеуметтік желісіне сілтеме​​​
]]>
admin Thu, 19 Jan 2023 17:49:17 +0600