Академиялық адалдық сынып сағаттары
2025 жылдың 5 мамырда мектебімізде академиялық адалдық тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында әділдік, жауапкершілік, шынайылық сияқты құндылықтарды қалыптастыру, көшіру, жалған бағалар мен плагиатқа жол бермеудің зиянын түсіндіру.
🔹 Сынып сағаттары барысында келесі мәселелер талқыланды:
Академиялық адалдық дегеніміз не?
Оқу барысында жиі кездесетін адал емес әрекеттер (көшіру, шпаргалка пайдалану, біреудің жұмысын өзінікі ретінде тапсыру т.б.);
Адалдықтың адам өміріндегі, болашақ маман ретінде қалыптасудағы маңызы.
🧠 Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, топтық талқылау жүргізіп, адалдық туралы жағдаяттарды шешуге қатысты.
✅ Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың саналы әрі жауапты тұлға болып қалыптасуына оң әсер етеді. Академиялық адалдықты сақтау — сапалы білім мен жарқын болашақтың кепілі.