Оқушылар жетістіктері
Тәрбиелі ұрпақ- ұлт болашағы
Болашақтың бүгіннен де нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімде ғана, қай ел болсын өсіп өркендеуі , әлемде өзіндік орын алуы сол мемлекеттің біліміне , білім сапасына байланысты-, демекші «Көшкентал орта мектебі , мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде оқу жылын 192 оқушы, 13-сынып комплектісі, мектепалды даярлық тобында -30 бала, екі топ, шағын орталықта-25 бала тәрбиеленуде. Мектепте 32 ұстаз еңбек етуде. Олардың басым көпшілігі жоғары білімді мамандар.
1929 жылы алғашқы сауат ашу басталып, 1934 жылы ауыл орталығында жарты жылдық мектеп өмірге келді. Алғашқы мұғалім Малдыбаев Есбай ағай болды. 1954 жылы 8 жылдыққа айналды. 1968 -69 оқу жылында Көшкентал орта мектебі үлкейіп, еңселі жаңа мектеп бой көтерді. Осы жылдар ішінде 10 директор басқарып , 1000-нан астам оқушыны қанат қақтырып, еліміздің түкпір- түкпірінде қызмет атқаруда.
Білім берудің қазіргі жаңа құрылымы және оқу-әдістемелік мазмұнының өзгеруі мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін жаңартуын, шығармашылық ізденістерін шыңдауын қажет етеді. Сол себептен мектепшілік әдістемелік жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастыру – мектеп әкімшілігінің басты міндеті және бастапқы мақсаттарының бірі. Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру және шығармашылық пен жұмыс істеу бағытында әдістемелік кеңестің жанынан «Ізденімпаздық шығармашылық орталығы» құрылған. Орталық 4 шығармашылық топтан тұрады. Олар: «Жедел жәрдем», «Іскерлік», «Озат тәжірибені жинақтау және тарату» және «Жаңашыл шығармашылық» «Жедел жәрдем» - тобы жас мамандарға әдістемелік көмек көрсетеді, «Іскерлік»- тобының жетекшісі Ж. Шалтабаева ұстаздардың ғылыми- әдістемелік жұмысқа дайындық деңгейлерін анықтау, директорлық бақылау кесіндісі, тест, сыныптардың оқу деңгейі,оқу техникасын тексеру нәтижесін шығару, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін бірлестіктер жүйесі арқылы дамыту, оқушылардың қалыптасқан білім деңгейін анықтау жұмыстарын қорытындылайды. «Озат тәжірибені жинақтау» - тобы мұғалімнің іс- тәжірибелерінде жаңа технологияны оқу-тәрбие үрдісінде тиімді пайдаланатын ұстаздарымыздың тәжірибелерін жинақтау . Жаңашыл шығармашылық» - тобы мектепішілік онкүндіктер мен семинарларды, жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдаланатын ұстаздарды анықтауда жұмыстар жүргізеді.
Адамзат баласының Күннен кейінгі ең бірінші шамшырағы білім болса, осы білім мен ізгілік нұрын жас ұрпақ бойына сіңіріп жүрген мамандық иелері – ұстаздар қауымы. Әр оқу жылында мектеп намысын қорғап, байқауларға қатысып, жүлдемен оралған ұстаздарымыз бен оқушыларымызда баршылық.
Нәтижесінде оқу-тәрбие жұмысындағы жаңашылдық іс-әрекетіміз, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шындау, шығармашылық ізденістерін дамыту жұмыстарымыз өз жемісін беріп келеді
Аудандық пән олимпиадасының қ о р ы т ы н д ы с ы бойынша математика пәні бойынша ІІ орын 9 –сынып оқушысы Каден Назерке пән мұғалімі Жуманова Айгүл, олимпиадасы қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын 8 –сынып оқушысы Алиева Сезім пән мұғалімі Көлдеева Жанар Әділқызы, Қазақстан тарихы пәні бойынша ІІІ орын 10–сынып оқушысы Ұйымхан Райла , пән мұғалімі Айнабекова Бақытгүл Әбілмәжінқызы. Облыстық пән олимпиадасынан орыс тілі пәні бойынша ІІІ орын 10 –сынып оқушысы Қыдырханова Альмира пән мұғалімі Смагулова Ондаш Әбікенқызы, ағылшын тілі пәні бойынша ІІІ орын 9 –сынып оқушысы Сейдахмет Меруерт пән мұғалімі Мұсабекова Сәуле Смағұлқызы. Өзін- өзі тану пәнінен республикалық кезеңінен 4 оқушы Өлмесет Алия, Набиев Ержан, Абдиев Дамир, Ұйымхан Райла ІІ дәрежелі дипломмен 1 оқушы Алиева Сезім ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды мұғалімі Жумабек Аниэль Абайқызы. Мектепішілік оқулардан жеңімпаз атанған оқушылар: Аудандық «Абай» оқуы төл туынды арнаудан Каден Назерке ІІ орын жетекшісі: Мусаев Ж. Ілияс оқуында 10-сынып оқушысы Ұйымхан Райла алғыс хат иегері жетекшісі: Ж. Колдеева, «Махамбет оқуларының» «Ер құтқарар ер едім...» ҮІ облыстық оқуда 10-сынып оқушысы Жетпіс Мадина ІІ жүлделі орын, аудандық І орын жетекшісі: Колдеева Ж, аудандық «Жыр алыбы – Жамбыл» айтысы 10-сынып оқушысы Ағын Дәурен ІІІ орын жетекшісі: Колдеева Ж, « Мұхтар Шаханов» оқуы 7-сынып оқушысы Дәулет Сайраш ІІІ орын жетекшісі: Смагулова , Дарын байқауынан «Тіл» секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Алиева Сезім І орын пән мұғалімі Колдеева Жанар Әділқызы , 10-сынып оқушысы Төлегенова Салтанат ІІІ орын пән мұғалімі Смагулова Ондаш Әбікенқызы , 9-сынып оқушысы Туғанбаева Айжан ІІІ орын пән мұғалімі Мұсабекова Сәуле Смағұлқызы , байқауы «Тарих» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Набиев Ержан ІІІ орын пән мұғалімі Тазабекова Жангүл Бидахметқызы .
Мектепке дейінгі шағын орталық - 2016-2017 оқу жылында жаңадан бір топпен ашылды, 25 бала қабылданды. Шағын орталықта 3-4 жастағы балалармен «Зерек бала бағдарламасы» басшылыққа ала отырып жұмыс істейді. Арнайы кабинеттер бөлінген,кабинетте қажетті бұрыштармен ,жұмсақ жиһазбен,ойыншықтармен қамтамасыз етілген .Жылы әрі жарық, таза. Мектепке дейінгі шағын орталыққа балалар мен ата-аналардың қызығушылығы өте жоғары .
Мұғалім- мектептің жүрегі болса,шәкірт- мұғалімнің алдағы күні арайлап атар – күн шуағы.Мұғалімнің бақыты мен қуанышы шәкірттерінің білімді болып, ұстаз сенімін ақтай білуі. «Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз –шәкіртіне талмайтын талап сыйлайды» демекші , ұстаз қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі . Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дамытады. Ал, жеке тұлғаға білім беріп,тәрбиелейтін, дамытатын , әрине –ұстаздар қауымы .
Мектеп директоры Е. Х. Адильханов
Мектеп ұстаздары
Шағын орталық бүлдіршіндері
Қыдырболат Арнұр Хамит Даниал
Волейболдан қыздар командасы
«Жүрегіңнің түбіне терең бойла...» «Өзін- өзі тану» пәні бойынша Республикалық олимпиада жеңімпаздары
Облыстық пән олимпиадасы ағылышын тілі пәні бойынша ІІІ орын 9 –сынып оқушысы Сейдахмет Меруерт пән мұғалімі Мұсабекова Сәуле Смағұлқызы
Облыстық пән олимпиадасы орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша ІІІ орын 10 –сынып оқушысы Қыдырханова Альмира пән мұғалімі Смагулова Ондаш Әбікенқызы
Аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауы «Тіл» секциясы бойынша 8-сынып оқушысы Алиева Сезім І орын пән мұғалімі Көлдеева Жанар Әділқызы
Аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауы «Тарих» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Набиев Ержан ІІІ орын пән мұғалімі Тазабекова Жангүл Бидахметқызы
Аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауы «Тіл» секциясы бойынша 10-сынып оқушысы Төлегенова Салтанат ІІІ орын пән мұғалімі Смагулова Ондаш Әбікенқызы
Аудандық «Зерде» байқауы бастауыш сынып оқушысы Жетпісқызы Ақерке ІІІ орын мұғалімі Шалтабаева Жұлдыз Тұрсынбекқызы
Аудандық «Дарын» ғылыми жоба байқауы «Тіл» секциясы бойынша 9-сынып оқушысы Туғанбаева Айжан ІІІ орын пән мұғалімі Мұсабекова Сәуле Смағұлқызы
Аудандық « Мұхтар Шаханов» оқуы 7-сынып оқушысы Дәулет Сайраш ІІІ орын мұғалімі Смағұлова Жәмила Асхатқызы
Аудандық «Жыр алыбы – Жамбыл» айтысы Ағын Дәурен ІІІ орын мұғалімі Көлдеева Жанар Әділқызы