Адалдық сағаттары
Қазіргі біздің қоғамдағы өзекті тақырыптардың бірі – сыбайлас жемқорлықпен күрес. Сыбайлас жемқорлық қоғам дерті. Сыбайлас жемқорлықты жүгендеуге қоғам болып ат салысуымз қажет. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуда, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда көптеген әр түрлі шаралар ұйымдастырылып жүзеге асырылып жатыр. Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. 27 ақпан күні мектебіміздің 5-11 сыныптарында «Адалдық сағаттары» өткізілді. Адалдық сағаттары арнайы әзірленген бейнероликтерді көрсете отырып, мынадай тақырыптарда тәрбие сағаттары өтілді:
«Біздің таңдауымыз-жемқорлықсыз болашақ»
«Қоғамның індеті-сыбайлас жемқорлық»
«Жемқорлық індет-жою бәрімізге міндет»
«Жастар сыбайлас -жемқорлыққа қарсы!»
«Болашағың өз қолыңда!»
«Қоғамның індеті-сыбайлас жемқорлық»
«Жемқорлық індет-жою бәрімізге міндет»
«Адал ұрпақ — мәңгілік елдің кепілі»
Іс-шараның мақсаты – өскелең жас ұрпақтың бойында адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру болып табылады.ек»
Өскелең ұрпаққа адалдық және парасаттылық құндылықтары, сыбайлас жемқорлықтың теріс салдарлары, олардың алдын алу бойынша еліміздің жеткен жетістіктері кеңінен түсіндіру жұмыстары, 5-11 сынып оқушылары арасында жүргізілді.