16
январь
2023
«Жарқын болашақ иесі – жас маман» онкүндігінің ашылуы
Жастар - елдің ертеңі, қуатты күш. Жастардың елімізді өркениетті елдер қатарына қосатын аса үлкен үлесі бар екендігін айтып жатудың өзі артық болар. Қоғамдағы жас ұрпақтың бәсекеге қабілеттілік сапасының күннен-күнге өсіп, ауыл шаруашылығы, ғылым мен техника, білім беру және денсаулық салаларында заман талабына сай қызмет етуі қуанарлық жайт. Жастардың осындай игі істері жайлы қуанышты хабарды Ақсу ауданы, Көшкентал орта мектебінен таратқалы отырмыз.
Жыл сайын мектебімізде «Жас мамандар» онкүндігін өткізу дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасын тауып жатыр. «Жарқын болашақ иесі – жас маман» атты жас мамандар онкүндігінің жұмыс жоспары бекітілді. Онкүндіктің ашылуы ерекше сән-салтанатпен өткізілді. Ұстаздық жолын жаңа бастаған жас мамандардың педагогикалық шеберліктерін шыңдау, заман талабына сай жаңашыл ұстаздың бет-бейнесін қалыптастыру мақсатында жоспарланған апталықтың бағдарламасы да ерекше құрылды. 14 жас маман ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар өткізеді. Онкүндіктің 1 – ші күні ашылу салтанатымен басталды.